23 дек 2018
2017 жылы қаланың автомобиль жолдарын жөндеуге, яғни 34 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 7 жоба 2016 жылдан ауысқан, 13 жоба күрделі жөндеу бойынша, 3 жоба жол құрылысы және 11 жоба орташа жөндеу бойынша. Жалпы ұзындығы 29 км құрайды. Қазірдің өзінде 13,0 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа қала аумағында жолдарға топырақ төсеу жұмыстарын жүргізудеміз. Сондай-ақ үстіміздегі жылы 140 млн теңгеге жалпы алаңы 22,1 мың шаршы метр тротуарларды көркейту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Аялдамаларда автобустар тоқтайтын арнаулы жол бөлігін жасау жұмыстары басталды (1-кезеңде қажетті 193 аялдама жол бөлігінің 72-сі жасалады). Шағын аудандардағы, ескі қала ауданындағы, Құрмыш, қалалық сүт зауыты және Авиақалашық аудандарындағы, Шанхай және Тұрғындар қалашығы аудандарындағы 20 жылдан бері жөнделмеген 25 аула аумағы орташа жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ бюджет қаржысы есебінен 50 млн теңгеге 40-тан астам балалардың ойын ал
Вячеслав Раенко
0:57